Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының

2017 жылдың атқарған жұмысы туралы

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға қатыстыЖалпы бүгінгі күні су тасқыны жағдайының алдын алу мақсатында 2016-2017 жылдары облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес арнай құрылған жұмыс топтарымен анықталған Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетінің 96 қауіпті учаскесін қалпына келтіру белгіленген болатын. Бүгінгі күнге аталған учаскелерде жұмыстар толықтай аяқталды. Оның ішінде «2017-2020 жылдарға арналған «Тасқын су қатерінің алдын алу және оны жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасын іске асыру аясында жоспарланған 73 шараның барлығы орындалды.

Аталған жұмыстарға республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 2 млрд.теңгеден аса қаржы бөлінді.

(РМК Қазсушар- 1,016 млрд.теңге, ҚР Үкіметінің резерві- 293,3 млн.теңге, облыстық бюджет- 710,9 млн.теңге, аудандық бюджет- 46,9 млн.теңге.)

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ресми мәліметіне сәйкес, облыс аумағында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып 2017 жылдың көктемгі және күзгі эпидмаусымында 141 елді мекен анықталған.

Анықталған елді мекендердегі барлық мал саны 528 453 бас (ірі қара 168 235,  бас уақ мал 341 939, түйе 17 804, шошқа 475) және көлемі 3 085 493  шаршы метрді құрайтын 35 876 қора мен аумағы 1 192 408 шаршы метр 1 168 суат пен шаңлаққа залалсыздандыру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес толықтай жүргізілді.

Нәтижесінде атқарылған көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі барлық аудан және қала әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес, орташа

99,7 пайызды құрады. 

 

2017 жылдың көктемгі және күзгі кезеңінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға қатысты. Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы №741 Қаулысына сәйкес күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары облыс көлемінде тиісті деңгейде толық ұйымдастырылып, өткізілді.

Сондай-ақ әскери қызметке шақыру маусымында шақырылушыларды үш мезгіл уақытылы ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары да тиісті деңгейде жүзеге асырылды. Әскерге шақырушыларға берілетін ыстық тағамның сапасы мен берілу уақыты арнайы бекітілген тексерушімен тұрақты түрде қадағаланды.

Оған қоса, облыстық жиын пунктінен Қызылорда теміржол вокзалына дейін құрамаларды шығарып салу үшін тасымалдайтын автокөліктің қауіпсіздігін қоғамдық тәртіпті қадағалайтын жол-патрульдік полициясымен бекітілген кестеге сәйкес қамтамасыз етілді.
Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс Күштеріне 810 азамат жөнелтілді.
 
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты. 2017 жылы облыстық терроризмге қарсы комиссияның 4 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 16 мәселе қаралды.
Өткізілген отырыстарда қала және аудан әкімдіктеріне, жауапты мемлекеттік органдарға 112 хаттамалық тапсырмалар беріліп, оның барлығы орындалды. 
І. Діни экстремизм және терроризм профилактикасы бойынша
Өңірде профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында 2016 жылғы облыстық терроризмге қарсы комиссияның қорытынды отырысында облыс бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамын қайта қарау туралы шешім қабылданып, 2017 жылдың 1-ші тоқсанында барлық ақпараттық – түсіндіру топтарының құрамы қайта бекітілді (7 аудандық, 1 қалалық және 1 облыстық, барлығы 204 адам).
Басқарманың бастамасымен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзету мекемелеріне 4 теолог мамандары және «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының штаттық кестесіне профайлер маманы қабылданды. Сонымен қатар, діни ахуал тұрғысынан күрделі саналатын Арал ауданы және Қызылорда қаласы әкімдіктерінің штаттық кестесі теолог маманмен толықтырылды.
2017 жылы терроризмге қарсы комиссия аппаратының 4 отырысы өткізіліп, онда аппарат жұмысы барысында туындайтын өзекті мәселелер қаралды. 
Қайта құрылған ақпараттық-түсіндірмелік топтардың (әрі қарай -АТТ) біліктіліктерін арттыру мақсатында ҚР ҰҚК Академиясының психологы Л. Шакимова, республикалық АТТ саясаттанушы-сараптамашысы Р. Иржанов, республикалық АТТ мүшелері М. Мадияров, К. Тышхан облыс аумағында семинарлар өткізді.
Аудандық комиссияларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық комиссия аппаратының қызметкерлері аудандық терроризмге қарсы комиссия отырысына қатысты.
Аппаратпен облыс аумағында деструктивті діни ағымдық көзқарастарынан қайтарылған азаматтарға медициналық, жұмыспен қамтамасыз ету,  тұрғын үймен қамтамасыз ету, бизнес бастауға көмек, қайта даярлау курстарына жіберу сияқты түрлі бағыттағы көмек көрсету қолға алынды.
Дәл осындай жұмыс үлгісін аудандық комиссия аппараттары арқылы да жүзеге асыру көзделіп, аудандық жұмыспен қамту орталықтарымен жұмыспен қамту және 2018 жылғы қайта даярлау курстарына оқушы жинақтау барысында комиссия аппараттарының ұсыныстарына қолдау көрсету туралы ымыра жасалды.
Республика бойынша жүріп жатқан «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында Арал ауданы Ақбасты елді мекенінің аумағында салынып жатқан бөгет құрылысына қаржылай қолдау көрсетіліп, Қызылорда қаласының тұрғыны - ДДА өкілінің сырқат баласы Астана қаласына дәрігерлік консультацияға жолдама алды.
«Жобалық кеңсе» бағдарламасы аясында облыстағы діни ахуалды жақсарту, мешіттердің беделін арттыру мақсатындағы жобалар дайындалуда. 
ІІ. Террорлық тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша
Облыс аумағындағы террорлық тұрғыдан осал объектілер тізбесі қайта жасақталды. Жаңартылған тізбеде 746 террорлық тұрғыдан осал объектілер қамтылған (99-аса маңызды объектілер, 89-стратегиялық, 13-қауіпті өндірістік және 545-адамдар көп жиналатын объектілер)
Сондай-ақ, 2016-2017 жылдарда терроризмге қарсы іс-қимыл шараларына тауарлар мен қызметтерді сатып алудың кезектілік тізбесіне сәйкес, 2017 жылы әлеуметтік сала объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуы қамтамасыз етілді.
ІІІ. Терроризм актілері салдарын жою және азайту бағыты
Облыстық жедел штабпен бекітілген терроризм  актісіне қарсы операцияларға қатыстырылатын жедел топтардың күш-құралдарының есебіне сәйкес, облыс әкімдігі БАҚ-мен байланыс, материалдық-техникалық және тылдық, медициналық және психологиялық қамтамасыз ету топтарында қатыстырылады. 
Басқарма облыстық террорға қарсы орталықпен өткізілетін террорға қарсы оқу-жаттығулардың барлығына қатысып, аудандық жедел штабтар құрамындағы материалдық-техникалық және тылдық қамтамасыз ету топтарының іскерлігін үйлестіріп отыр.
Облыстық террорға қарсы орталықпен бірлескен түрде облыс бойынша тұрғындарға террорлық қауіп кезіндегі алғашқы іс-қимылдар туралы түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.
Тұрғындарға террорлық акті қаупі туындаған кездегі іс-қимылдар туралы көрнекі жадынамалар қазақ және орыс тілдерінде 6000 данада жасалып, облыс бойынша барлық террорлық тұрғыдан осал объектілерге, және басқа да мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық көліктерге орналастырылды.
ІҮ. Біліктілік көтеру бойынша
Діни экстремизм профилактикасы, террорлық тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын ұйымдастыру, жедел штабтардың жұмысын ұйымдастыру бағыттарында ҚР ҰҚК академиясы негізінде 2017-2018 оқу жылына ұйымдастырылған 4 біліктілік көтеру курстарына облыс бойынша аталған салалар бойынша 43 қызметкердің біліктілігін көтеру жоспарланып, 2017 жылдың соңына дейін кестеге сәйкес 14 қызметкер курстарға қатысты.
 

 


Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының

2017 жылдың 9 айдын атқарған жұмысы туралы

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға қатыстыАғымдағы жылы көктем айларында еліміздің бірқатар облыстарында су тасқыны қатері туындағандықтан, 2017-2020 жылдарға арналған «Тасқын су қатерінің алдын алу және оны жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасы қабылданып, 4 министрліктің (Ішкі істер, Ауылшаруашылығы, Инвестициялар және даму, Энергетика) бірлескен бұйрығымен бекітілген болатын.

Осы жол картасына Қызылорда облысынан жалпы қажетті қаржысы 19,3 млрд. теңгені құрайтын 155 су шаруашылығы нысандары енгізілді. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен қаралған 14,2 млрд. теңгені құрайтын 74 жоба және жергілікті бюджеттен қаралған 5,1 млрд. теңгені құрайтын 81 жоба.

Оның ішінде: І-кезең ЖБ-20, РБ-30; ІІ-кезең ЖБ-61, РБ-44 
Қазіргі таңда І-кезең бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген 532,0 млн. теңге қаржыға 20 нысанның 16-да жұмыс аяқталса, 4 нысанда жалғасуда. (Бердібай аша, ПК-546-ПК-604, Жөлек және Жалағаш-Жосалы көпірі). Осы ретте, республикалық бюджеттен 2017 жылға жоспарланған 5 нысанды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 57,2 млн. теңге және 2018 жылға жоспарланған 12 ірі жобаның жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 112,0 млн. теңге қаржыларды жергілікті бюджеттен бөлу қарастырылуда.   
Сонымен қатар, республика бюджетінен жоспарланған І және ІІ кезеңдер бойынша 396 млн. теңге қаржы бөлініп, барлығы 74 нысанның 18-де жұмыстар аяқталып, 4-де жалғасуда.   
Бүгінгі күнге республикалық бюджеттен 33 нысан бойынша қосымша 534,0 млн. теңге қаржының бөлінуі бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ресми мәліметіне сәйкес, облыс аумағында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып  2017 жылдың күзгі эпидмаусымында 141 елді мекен анықталған.
Анықталған елді мекендердегі барлық мал саны 528 453 бас (ірі қара 168 235,  бас уақ мал 341 939, түйе 17 804, шошқа 475) және көлемі 3 085 493  шаршы метрді құрайтын 35 876 қора мен аумағы 1 192 408 шаршы метр 1 168 суат пен шаңлақ бар.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жаңақорған, Жалағаш аудандарында І-ІІ кезең бойынша дәрілеу жұмыстары аяқталды. Шиелі ауданында залалсыздандыру жұмыстары кесте бойынша жалғасуда.
 
2017 жылдың күзгі кезеңінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға қатысты. Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы №741 қаулысына сәйкес күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары облыс көлемінде тиісті деңгейде толық ұйымдастырылып, өткізілуде. 
Сондай-ақ әскери қызметке шақыру маусымында шақырылушыларды үш мезгіл уақытылы ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары да тиісті деңгейде жүзеге асырылды. Әскерге шақырушыларға берілетін ыстық тағамның сапасы мен берілу уақыты арнайы бекітілген тексерушімен тұрақты түрде қадағалануда.
Оған қоса, облыстық жиын пунктінен Қызылорда теміржол вокзалына дейін құрамаларды шығарып салу үшін тасымалдайтын автокөліктің қауіпсіздігін қоғамдық тәртіпті қадағалайтын жол-патрульдік полициясымен бекітілген кестеге сәйкес қамтамасыз етілуде.
Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс Күштеріне 190 азамат жөнелтілді.
 
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының жұмысшы органы болып табылады.
Облыс, аудан әкімдіктері жанында құрылған және тікелей әкімдермен басқарылатын комиссиялар тиісті аумақта терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және жою мәселелерін қарайды.
Жыл басында облыс аумағында діни экстремизм және терроризм профилактикасын жүргізуші ақпараттық-түсіндірмелік топтардың құрамдары жаңартылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды кең ауқымда қамту мақсатында аталған топ мүшелері үшін, сондай-ақ, білім беру, ішкі саясат, ішкі істер, әскери бөлімдер қызметкерлері, ауылдық округтер әкімдері үшін республикалық ақпараттық-түсіндірмелік топ мүшелері, білікті дінтанушылар, психолог және саясаттанушы мамандар шақырылып, облыстық деңгейде және аудандарда арнайы семинарлар ұйымдастырылды.
Жыл басынан аталған діни экстремизм мен терроризм идеяларына қарсы 2515 іс-шаралар өткізіліп, оған 84 мыңға жуық адам қатысты. 
Сонымен бірге, халықты дін саласындағы мемлекеттік саясатпен ақпараттандыру, деструктивті діни ағымдарды әшкерелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында телеарналарда, бұқаралық ақпараттық құралдарында және әлеуметтік желілерде барлығы 819 материал жарияланды. Оның ішінде, өңірлік телеарнада - 255, баспа беттерінде – 272, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде – 292 материал.
Әлеуметтік желілерде күмән келтірген 426 топтар мен қолданушылар анықталып, нәтижесінде дін істері жөніндегі уәкілетті органның шешімімен 180 топқа Қазақстан Республикасында қызметтеріне тиым салынған теріс қорытынды берілді. 
Сондай-ақ, прокуратура және сот қызметкерлерінің қатысуымен діни экстремизм мен терроризмге қатыстылығы үшін заң алдындағы жауапкершілік туралы брифинг өткізіліп, баспасөз беттерінде сәйкес мақалалар жарияланды.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс аумағындағы тіршілікті қамтамасыз ететін аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуына, қорғалуы мен күзетілуіне зерделеу жүргізіліп, облыс аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі қайта бекітілді.
Сонымен қатар, облыстық терроризмге қарсы орталық қызметкерлерімен бірлескен түрде Қызылорда қаласы және аудандар орталықтарында террорлық акті қаупі кезіндегі іс-қимылдар, мекеме басшыларының жауапкершіліктері және эвакуция кезіндегі әрекеттер туралы түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.  
Жалпы атқарылған жұмыстар нәтижесінде ағымдағы жылдың 9 айында облыста діни ахуал тұрақтылығы бірқалыпты сақталып, оқыс оқиғалар орын алған жоқ.
 
 

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының

2017 жылдың 1 жарты жылдығының атқарған жұмысы туралы

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға қатысты. Ағымдағы жылы жоғарыдағы таулы аймақтарында көп мөлшерде жауын-шашынның түсуі Сырдария өзені бассейні арқылы Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішіне мол судың жинақталуына себеп болды. Нәтижесінде өзен арнасымен облыс аумағына секундына 1 500 текше метрге дейін су босатылды.

Облыс әкімінің мәселені Үкімет деңгейіне дейін көтеріп, жедел ұйымдастырылған алдын алу шараларының арқасында елді мекендерге, ауылшаруашылық жерлері мен өзге де инфрақұрылымдарға төнген қауіп сейілді.   

Қалыптасқан жағдайға байланысты барлық аудандар мен Қызылорда қаласында жедел штаб құрылып, азаматтық қорғау қызметтері күшейтілген режимге көшірілсе, 4 ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Қызылорда су торабына дейін өзен арнасындағы су көлемін азайту мақсатында Жаңақорған, Шиелі аудандары аумақтарындағы су алушы каналдар мен көлдер жүйесімен алынатын су көлемдері есептелініп, қосымша суды мәжбүрлеп бұру арқылы ой жерлерге жіберу шаралары қарастырылды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, су тасқынына қарсы әрекет етуде мемлекеттік органдардың қызметін жүйелендіру мақсатында облыс аумағындағы қыс-көктемгі су тасқыны, мол судың келуі және таудан аққан қарқын су жағдайындағы өзара әрекет ету алгоритмі әзірленіп, бекітілді.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардағы 45 елді мекен тұстарында өзен бойы қорғаныс бөгеттерінің 91 учаскесінде уақытша күшейту, нығайту және қосымша қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстарға қолда бар материалдық-техникалық қорлар мен инертті материалдар қолданылды. Атап айтқанда, 4 600 бау қамыс, 1 500 пашын, 700 тонна қойтас, 2 400 бау сабан, 1 200 қада жұмсалды. Шара барысында 250 арнайы техникалар мен 2 000 - ға жуық адам күші жұмылдырылды.    

Сонымен бірге, облыс бюджетінен бөлінген 24,2 млн. теңге қаржыға басқарма тарапынан төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсаттарына қосымша 300 мың дана қап, 85 тонна жанармай алынып (60 тонна дизель отыны, 25 тонна АИ-92 бензині), аудандарға және «Қазсушар» Қызылорда филиалы мен «Табиғат» мемлекеттік кәсіпорнына 267,8 мың дана қап және 46,9 тонна дизель, 6 тонна АИ-92 бензин отыны таратылды. Бүгінгі күнге материалдық қорда - 28,1 тонна дизель, 21 тонна бензин отыны және 130 200 дана қап сақтауда тұр.

Басқарма тарапынан облыс бюджетінен бөлінген 215,0 млн. теңге қаржыға Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетінің жоба-сметалық құжаттамалары дайын жалпы сомасы 512,8 млн теңгені құрайтын 33 учаскесінің 16-на,ал 44,6 млн. теңгені құрайтын 4 учаскесіне «Қазсушар» Қызылорда филиалымен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.  

Жоғарыда аталып өткендей, облыс аумағына мол судың келіп түсуіне байланысты облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жұмысшы топпен су шаруашылығы нысандарына қайта зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 37,2 шақырым 39 қауіпті учаскесі анықталды.

 

Ағымдағы жылдың эпидмаусымында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ресми мәліметіне сәйкес, облыс аумағында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып 117 елді мекен анықталды.

Аталған елді мекендерде барлығы 425 325 мал басы (ірі қара 132 158,  бас уақ мал 275 605, түйе 17 269, шошқа 293) және көлемі 2 197 386 шаршы метрді құрайтын 28 534 қора мен аумағы 934 687 шаршы метр 938 суат пен шаңлақ бар.

Биылғы жылғы көктемгі залалсыздандыру жұмыстары Ұлттық сараптама орталығы Қызылорда облысы бойынша филиалымен және облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен келісілген кестеге сәйкес бір мерзімде қатар жүріп, сәуір айының 10 күні басталып, 2 кезеңмен жүргізіліп, маусым айының 10 күні толығымен аяқталды.

Жалпы облыс бойынша 117 елді мекендегі жүргізілген залалсыздандыру жұмыстары ұлттық сараптама орталығының тексерісі нәтижесімен тиімділік көрсеткіші орташа 98,9% құрады.  

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша қалыптасқан жағдайға келетін болсақ, биылғы жылдың есепті кезеңінде облыс бойынша 800-ге жуық адам кене шағу фактісімен тіркеліп, «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ықтимал жағдай» нақтамасымен 16 адам ауруханаға жатқызылып, 2 жағдайда зертханалық әдіспен расталды. Оның 1-уі өлім-жітіммен аяқталса, 2-шісі тиісті емін қабылдап, ауруханадан шығарылды.

Ал, қалған 14 жағдайда 14 адамның сынамалары теріс нәтиже көрсетіп, өзгертілген диагнозбен денсаулықтарының жақсаруына байланысты ауруханадан шығарылды.                   

Жалпы тіркелген 16 жағдайдың 12-і қолайлы, яғни КҚГҚ қоздырғыштары болып табылатын кенелер анықталмаған елді мекендерден шығып отырса, 4 жағдай қолайсыз болып танылған елді мекеннен (Қармақшы ауданының Көмекбаев, Қуандария ауылдары және Қызылорда қаласы Сабалақ саяжайы, Қазалы ауданы Пірімов ауылы) тіркеліп отыр.

2017 жылдың көктемгі кезеңінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға қатысты.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы №741 Қаулысына сәйкес көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары облыс көлемінде тиісті деңгейде толық ұйымдастырылып, өткізілуде.

Сондай-ақ әскери қызметке шақыру маусымында шақырылушыларды үш мезгіл уақытылы ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары да тиісті деңгейде жүзеге асырылды. Әскерге шақырушыларға берілетін ыстық тағамның сапасы мен берілу уақыты арнайы бекітілген тексерушімен тұрақты түрде қадағаланды.

Оған қоса, облыстық жиын пунктінен Қызылорда теміржол вокзалына дейін құрамаларды шығарып салу үшін тасымалдайтын автокөліктің қауіпсіздігін қоғамдық тәртіпті қадағалайтын жол-патрульдік полициясымен бекітілген кестеге сәйкес қамтамасыз етілді.

Мерзімді әскери қызметке аттанушы жастарды ардагерлер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен 21 рет салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылып өткізілді.  

Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс Күштеріне 833 азаматты әскерге шақыру тапсырысы толығымен орындалды.

 



 


Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының

2017 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы туралы

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға қатысты. 2017 жыл басынан облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның 2 отырысы өткізіліп, оларда: Арал, Қазалы аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан үзілген электр желілерін қалпына келтіру; көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық; Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу профилактикасы және тағы басқа мәселелер қаралды.

Көктемгі су тасқынынан облыс халқы мен нысандарды қорғау мақсатында келесі іс-шаралар атқарылды.

Өзен жағалауы 56 су басу аймақтарына бөлініп, оларға қажетті арнайы техникалары (403 бірлік техника, 1 685 адам күші) бар 135 жауапты мекемелер бекітілді.Инженерлік техникалар мен инертті материалдар қорлары су басу қауіпі бар учаскелерге жақын орналастырылды. Су тасқыны кезеңдерінде халықты эвакуациялау үшін 82 эвакуациялық жинақтау және 96 эвакуациялық қабылдау пункттері дайындыққа келтірілді.

Су тасқынының алдын алу мақсатында жүйелі түрде облыс аумағын тікұшақпен барлау жұмыстары жүргізіліп, Сырдария өзені бойында тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеру үшін ағымдағы жылдың қаңтар және наурыз айларында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда «Қыс-2017» және «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.

Сонымен қатар, Сырдария өзенімен көктемгі сең жүру барысында қолайсыз ауа-райы мен мол судың келіп түсу салдары мұз кептелістерінің пайда болып, су деңгейінің жоғарылап, жағалаулардағы кейбір учаскелерді су шаюына әкеп соқты.

Атап айтқанда, Қармақшы ауданында 497 бас уақ малымен мал жайылымды су басты. Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде 469 бас мал қауіпсіз жерге шығарылды. Қазалы ауданында екі шаруа қожалықтың аумағын су басу нәтижесінде 348 мал басының өлуі тіркеліп, 38 адам құтқарылып, 51 бас мал қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Қазалы ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 80,0 млн. теңге қаржыға жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап, облыс көлемінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында дезинсекциялау шаралары жүргізілуде. Қазіргі таңда аталған жұмыстар Жаңақорған, Шиелі аудандарының 5 елді мекендерінде іске асырылды.

2017 жылдың көктемгі кезеңінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға қатысты. Қызылорда облысы әкімдігнің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 741 қаулысымен облыста азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Үстіміздегі жылдың 3 сәуірінде облыс әкімінің орынбасары – облыстық шақыру комиссиясының төрағасы С. Сүлейменовтың төрағалығымен селекторлық мәжіліс ұйымдастырылып, онда жергілікті атқарушы және әскери басқару органдарының азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге дайындық мәселелері талқыланды.

Қазіргі кезде, басқармамен әскерге шақырылушыларды үш мезгіл ыстық тамақпен және оларды тасымалдау үшін автокөлікпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты. 2017 жылдың басынан бері Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның 2 отырысы өткізіліп, онда діни экстремизм және терроризм профилактикасына тартылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы; террористік тұрғыдан осал объектілердің инженерлік-техникалық жабдықталу жағдайы; ауылдық, маргиналды жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету жағдайы мен оларды жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және басқа да мәселелер қаралды.

Сонымен бірге, облыс әкімінің өкімімен құрылған, құрамы ҰҚКД, ІІД, Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардан тұратын жұмысшы топпен облыс аумағындағы аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық және тіршілікті қамтамасыз ететін объектілердің қорғалуы мен күзетілуі жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша аталған объектілердің күзетілуі мен қорғалуын күшейту бойынша ұсыныстар енгізілді.

Ағымдағы жылдың 13-14 ақпан күндері басқармамен құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізіліп, онда терроризмге қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс салаларының актуалды мәселелері талқыланды.

 


 

Аудандық терроризмге қарсы комиссиялар аппараттары – жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімдерінің жауапты қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мақсатында өткізілген семинар-кеңес туралы
 

2017 жылғы 13-14 ақпан күндері облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудандық терроризмге қарсы комиссиялар аппараттарының жұмысын үйлестіруші құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерін тағылымдамадан өткізу мақсатында облыстық жұмылдыру басқармасының ұйымдастыруымен екі күндік семинар-кеңес өткізілді.

Семинарды облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы – терроризмге қарсы комиссия аппаратының басшысы С Сермағамбетов жүргізіп, онда діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдар, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс салалары бойынша сұрақтар талданды.
Семинар барысында терроризмге қарсы комиссиялар іскерлігіндегі актуалды мәселелер талқыланды. Бұл салада жұмысты жақсарту жөніндегі өз пікірлерін ҰҚКД террорға қарсы орталық және облыстық ІІД өкілдері де білдірді.
Семинар соңында аудандық терроризмге қарсы комиссиялар жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасалып, жұмыс жүргізуге қажетті әдістемелік құралдар таратылды.



Облыс аумағындағы төтенше жағайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстар туралы
 
2016 жылы облыс көлемінде 703 төтенше жағдайлар тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,7%-ға азайған (2015 ж.-730). Ал, қаза болғандардың саны 1,7%-ға кеміді (2016 ж. -59, 2015 ж.- 60). Жалпы зардап шеккен адамдардың саны 7,3%-ға азайды (2016 ж.-267, 2015 ж.-288).
Оның ішінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны - 519 (2015 ж.- 489) құрап, 50 (2015 ж.-53) адам зардап шегіп, 24 (2015 ж.-16) адам қаза болды.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны - 184 (2015 ж.- 241) құрады. Нәтижесінде 217 (2015 ж.- 235) адам зардап шегіп, 35 (2015 ж.- 44) адам қаза болды.
Сонымен қатар, 511 (2015 ж.- 482) өндірістік және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстар тіркеліп, 30 адам (2015 ж.-21) зардап шегіп, 10 адам (2015 ж.-7) қаза болды. Өрт оқиғалары кезіндегі материалдық шығын 37,2 (2015 ж.-19,3) млн. теңгені  құрады.
Облыс аумағында тасқын судан елді мекендердегі тұрғындардың өмірі мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың, шаруашылықтардың егістік және жайылымдық жерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біршама іс-шаралар атқарылып келеді. 
Жалпы облыс көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында 10 рет төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп, хаттамалық шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген 410,8 млн. теңге қаржыға облыс аумағында ағымдағы жылғы қыс-көктем айларындағы мол су салдарынан бұзылған Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті бойындағы ұзындығы 33,4 км құрайтын 28 қауіпті учаскені қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
2016 жылдың эпидмаусымында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ ретінде танылған 135 елді мекенде мал қоралар мен мал басына көктемгі және күзгі дәрілеу (дезинсекциялау), залалсыздандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен барлығы 166,3 млн. теңге қаржы бөлініп, залалсыздандыру жұмыстары талапқа сай атқарылды.
Сонымен қатар, апаттық жағдайда деп танылған Жаңақорған ауданы, Ақүйік ауылдық округі, Бірлік елді мекеніндегі № 55 орта мектептің асхана ғимаратының құрылысы қайта салынып, пайдалануға берілді.
 

 

2016 жылғы мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының қорытындысы
 
«2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1989-1998 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» облыс әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 433 қаулысына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары облыс көлемінде тиісті деңгейде толық ұйымдастырылып, өткізілді. 
Облыс бойынша дәрігерлік куәландырудан барлығы - 8626 адам өтті; 
(көктемгі науқанда – 4523 адам, күзгі науқанда – 4103 адам) 
Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына көктемгі шақырылымда 743 адам, күзгі шақырылымда 749 адам іріктеліп жолданды. 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарын толықтыру мақсатында, Қызылорда облысы бойынша белгіленген мемлекеттік тапсырыс 100 % орындалды.
 
  

 

Облыс аумағындағы төтенше жағайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстар туралы
 
2016 жылдың 9 айында облыс көлемінде 64 төтенше жағдайлар тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 20%-ға азайған (2015 ж.-80). Ал, қаза болғандардың саны 3,6%-ға кеміді (2016 ж. - 53, 2015 ж.- 55). Алайда, зардап шеккен адамдардың саны 71,2%-ға көбейді (2016 ж.-113, 2015 ж.-66).
Оның ішінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны - 26 (2015 ж.-41) құрап, 40 (2015 ж.-23) адам зардап шегіп, 21 (2015 ж.-13) адам қаза болды.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны - 38 (2015 ж.-39) құрады. Нәтижесінде 73 (2015 ж.-43) адам зардап шегіп, 32 (201 5ж.-42) адам қаза болды.
Сонымен қатар, 342 (2015 ж.-312) өндірістік және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстар тіркеліп, 18 адам (2015 ж.-17) зардап шегіп, 7 адам (2015ж.-6) қаза болды. Өрт оқиғалары кезіндегі материалдық шығын 25,4 (2015 ж.-11,6) млн. теңгені құрады.
Облыс аумағында тасқын судан елді мекендердегі тұрғындардың өмірі мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың, шаруашылықтардың егістік және жайылымдық жерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біршама іс-шаралар атқарылып келеді. 
Жалпы облыс көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында 9 рет төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп, хаттамалық шешімдерімен тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген 379,0 млн. теңге қаржыға облыс аумағында ағымдағы жылғы қыс-көктем айларындағы мол су салдарынан бұзылған Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті бойындағы ұзындығы 20,5 км құрайтын 24 қауіпті учаскеге (Арал ауданы бойынша - 4 нысан, Қазалы ауданы бойынша - 6 нысан, Қармақшы ауданы бойынша - 4 нысан, Жалағаш ауданы бойынша - 5 нысан, Сырдария ауданы бойынша - 2 нысан, Шиелі ауданы бойынша - 2 нысан және Қызылорда қаласы бойынша -1 нысан) қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметіне сәйкес, 2016 жылдың эпидмаусымында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ ретінде 100 елді мекен танылған. Соған байланысты, кенеден қолайсыз елді мекендердегі  мал қоралар мен мал басын көктемгі және күзгі дәрілеу (дезинсекциялау), залалсыздандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен барлығы 166 314,0 мың теңге қаржы бөлініп, залалсыздандыру жұмыстары талапқа сай атқарылды.
Атап өту керек, ағымдағы  жылдың эпидмаусымына кене шағумен 1 521 адам медициналық көмекке жүгінген. Конго-Қырым қанды безгегі ауруының болжамды диагнозымен 16 адам тіркеліп, зертханалық қорытындылар нәтижесімен аталған диагноз 4 адамда расталды. Жалпы облыс бойынша кене шағу жағдайларының 31,8 пайызы осы жылғы кенеден қолайсыз 100 елді мекеннен тіркелсе, қалған 68,2 пайызы тізімге енбеген қолайлы аймақтардан тіркелген.
Осыған байланысты, күзгі залалсыздандыруда Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен анықталған  қосымша 35 елді мекенді мемлекеттік сатып алудан үнемделген  қаржы есебінен,  барлығы 135 елді мекенде бекітілген кестеге сәйкес жұмыстар уақытылы  атқарылып шықты.
Анықтама ретінде. Тіркелген жағдайлардың аудандар шегінде көрінісі төмендегідей:
Қызылорда қаласы - 1 жағдай;
Қармақшы ауданы - 1 жағдай;
Жалағаш ауданы - 1 жағдай;
Шиелі ауданы - 1 жағдай.
Анықтама ретінде. Республика бойынша
Қызылорда облысы - 4 жағдай;
Жамбыл облысы - 6 жағдай, 1 адам қаза болған;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 13 жағдай, 2 адам қаза болған;
 

Облыс аумағындағы төтенше жағайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстар туралы

 
2016 жылғы 6 айда облыс аумағында 37 (2015 ж.- 55) төтенше жағдайлар тіркеліп, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 32,7% азайған. Тіркелген төтенше жағдайлар салдарынан 86 адам (2015 ж.-38) зардап шегіп, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,2 есеге көбейді. Нәтижесінде 29 адам (2015 ж.-34) қаза болып, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 14,7% кеміді. 
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саны - 18 (2015 ж.-36), былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есе азайған. 33 адам (2015 ж.-15) зардап шегіп, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,2 есе көбейіп, 15 адам (2015 ж.-11) қаза болды. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 36,4 % көбейген. Оның ішінде:14 өндірістік және тұрмыстағы өрттер тіркеліп, 22 адам зардап шегіп, 8 адам қайтыс болды;
2 көлік авариясы мен оқиғасы орын алып, 9 адам зардап шегіп, 5 адам қаза болды. 1 өндірістегі апат оқиғасынан, 2 адам зардап шегіп, 2 адам қаза болды.1 тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі апат тіркеліп, зардап шеккендер 1тіркелген жоқ.
 
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар саны - 19 (2015 ж.-19) құрап, 53 адам (2015 ж.-23) зардап шегіп, 2,3 есе көбейіп, 14 адам (2015 ж.-23) қаза болды. Оның ішінде 1 метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыс тіркеліп, зардап шеккендер болған жоқ; 4 қауіпті жұқпалы аурулар тіркеліп, 39 адам зардап шекті 1 ауылшаруашылығы және басқа өсімдіктердің ауруынан және зиянкестерден зақымдануы тіркелді. 13 суда зардап шегу жағдайлары орын алып, 14 адам қаза болды. 
Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағындағы жалпы ұзындығы 1 274 км. құрайды. Қыс айларында Сырдария өзенінің төменгі ағысына Шардара су қоймасынан көп мөлшерде судың жіберілуі су деңгейінің көтеріліп, мұздың кептелуіне әкеліп соғады. Нәтижесінде, елді мекендер мен егістік алқаптарын су басу қаупін тудырады.
Осыған сәйкес, облыс аумағындағы қыс-көктем айларындағы мол су салдарынан бұзылған Сырдария өзенін қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру, нығайту, күшейту және бекіту жұмыстарын жүргізуге облыстық және республикалық бюджеттен барлығы 379,0 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңға, жалпы ұзындығы 4,66 км құрайтын қорғаныс бөгеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, кенеге қарсы өңдеу-улау, залалсыздандыру жұмыстарына 2016 жылдың көктемгі және күзгі кезеңдеріне облыстық бюджеттен 166,314 млн.теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, қолайсыз аймақ болып  100 елді мекен танылса, онда ірі қара саны 94 646 бас, түйе саны 10 662 бас, шошқа 282 бас, уақ мал саны 198 702 бас, барлық мал басы саны 304 292, сонымен қатар, 18 626/1 774 952 мың шаршы метр қора және 711/752 241 мың шаршы метр суат пен шаңлақтар тіркелген. 
Осыған орай, жұмыстар кестесі бекітіліп, мердігер мекеме «Төрт түлік белгілері» ЖШС-нің жұмысшы тобы жоғарыда аталған 100 елді мекендегі жоспарланған барлық мал басы мен қора, суат және шаңлақтарға тиісті залалсыздандыру жұмыстарын 100 пайызға атқарды. 
Аталған жұмыстардың сапалы әрі кестеге сай жүргізілуін бақылау мақсатында мекеме қызметкерлерінен жұмысшы тобы құрылып, ауылдық округтер әкімдері және аудандық мал мамандарымен бірге нақты басында жүріп қадағалау жұмыстарын жасады.
Жалпы облыс көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында 8 рет төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізілді. 
 

 

 

 

Құрылған күні: 07-07-2016 11:48
Жаңартылған күні: 09-01-2018 11:24

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика