Қызылорда облысының «Жұмылдыру дайындығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
жалпы ақпарат
 
 
Байланыс мәліметтері
Қабылдау бөлімі:8(7242) 40-02-10
Сенім телефоны: 40-04-52
Пошталық мекенжайы: индекс 120008, Қызылорда қаласы, Амангелді Иманов көшесі, № 125
Электронды поштаump@korda.gov.kz
Жалпы ережелер
 
1. «Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-басқарма) Қызылорда облысында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау, аумақтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке шақыру және өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады.
2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі табылады.
3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 120008, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Амангелді Иманов көшесі, № 125.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы – «Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметiн каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
 

 

Құрылған күні: 07-07-2016 10:48
Жаңартылған күні: 07-10-2019 15:02

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика