Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою бойынша жүргізілген іс-шаралары 
01.10.2019ж
 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының (әрі қарай – Басқарма) 2019 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 07.01.2019 жылғы №1-ө бұйрығымен Іс-шара жоспары бекітілген.
Сонымен қатар, Басқарманың және оған бағынысты «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің қатысуымен Басқарма басшысының орынбасары Е.Бәкіровтің төрағалығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы облысы бойынша департаментінің «Заң бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау туралы» ұсынысы талқыланып, жиын өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және де қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында 2019 жылдың 30 мамыр күні Басқармамаен оған бағынысты мекеме қызметкерлерімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің «сыбайлас жемқорлық профилактикасы» басқармасының басшысы Ізкенов Бағдат Оразбекұлымен, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметшінің этикасы» тақырыбында семинар кеңес өткізілген.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Н.Ү.Жакудаевтың қатысуымен Басқармам мен оған бағынысты «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» КММ-нің қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар жүргізілді.
Ағымдағы жылдың шілде айында Басқарманың бөлімдеріне  18.11.2015 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес ішкі талдау жүргізілді. Анықтама нәтижесі бойынша бөлімдердің қызметінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алмаған.

 

 


Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою бойынша жүргізілген іс-шаралары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының (әрі қарай – Басқарма) 2019 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 07.01.2019 жылғы №1-ө бұйрығымен Іс-шара жоспары бекітілген.
Сонымен қатар, Басқарманың және оған бағынысты «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің қатысуымен Басқарма басшысының орынбасары Е.Бәкіровтің төрағалығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы облысы бойынша департаментінің «Заң бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау туралы» ұсынысы талқыланып, жиын өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және де қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында 2019 жылдың 30 мамыр күні Басқармамаен оған бағынысты мекеме қызметкерлерімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің «сыбайлас жемқорлық профилактикасы» басқармасының басшысы Ізкенов Бағдат Оразбекұлымен, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметшінің этикасы» тақырыбында семинар кеңес өткізілген.
Басқарманың әкімшілік ғимаратында «Пара алу мен пара беру» салдарынан жазалану туралы жадынамалар ілінген.
 

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлімдеріне 2018 жылы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
   
Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» КММ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
                                                                                                                                       
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының (әрі қарай – Басқарма) 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы №73-ө бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы»  КММ (әрі қарай – Мекеме) сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау, алдын алу, мүлдем болдырмау, превентивтік жұмыстар жүргізу мақсатында 2018 жылға ішкі талдау жүргізілді.
Мекеме облыс аумағында өз құзыреті шегінде Қызылорда облысының қаржы басқармасының 2016 жылғы 21 сәуірдегі №2 қбпү бұйрығымен бекітілген жарғысының негізінде функцияларын жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.  
 
I. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
 
Мекеме қызметі Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге негізделген.
Мекеме қызметіне қатысты заңнамалар, құқықтық актілер бойынша сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын нормалар жалпы анықталмаған. 
 
II. Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
 
1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы. 
Мекеменің әкімшілік шаруашылық жұмыстары жөніндегі бөлімі кадр қызметі жұмыс атқарады. Мекеменің  штаттық кестесі 2016 жылғы 29 сәуірімен бекітілген.
 Штаттық кестеге сәйкес Мекеменің азаматтық қызметкерлер бойынша штат саны - 65, нақты саны - 63, бос орындар саны – 1, 3 - қызметкер бала күтіміне байланысты демалысында. 2018 жыл ішінде 5 - азаматтық қызметші өз еріктерімен жұмыстан босатылған, 12 – қызметкер жұмысқа қабылданған. 
 
2. Мүдделер қақтығысын реттеу. 
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары.
Мекемеде мүдделер қақтығысы орын алмаған.
Басқарманың 2018 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 27.12.2017 жылғы №73-ө бұйрығымен бекітілген. Іс-шара жоспарының орындалуы басқарма басшының тікелей бақылауында.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында «Нұр Отан» партиясы  өкілдерінің қатысуымен жыл басынан 1 семинар, басқарманың және оған қарасты мекемелерінің қызметкерлері арасында 1 құқықтық оқу өткізілген
 
3. Мемлекеттік қызмет көрсету, 
рұқсат беру функцияларын іске асыру
Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Аумақтық қорғаныс бригадасы басқармасы» КММ мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсат беру функцияларын іске асыру, бақылау функцияларын жүзеге  асырмайды.
 
 
5. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын 
өзге де мәселелер
Мекемеде меритократия принциптері сақталуда. Қызметкерлерге мерекелік күндерде, мерейтойларда құрмет грамоталары, алғыс хаттар берілуді.
 
Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Аудандық қорғаныс бригадасы басқармасы» КММ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының (әрі қарай – Басқарма) 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы №73-ө бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Аумақтық қорғаныс бригадасы басқармасы»  КММ (әрі қарай – Мекеме) сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау, алдын алу, мүлдем болдырмау, превентивтік жұмыстар жүргізу мақсатында 2018 жылға ішкі талдау жүргізілді.
Мекеме облыс аумағында өз құзыреті шегінде Қызылорда облысының қаржы басқармасының 2016 жылғы 21 сәуірдегі №1 қбпү бұйрығымен бекітілген жарғысының негізінде функцияларын жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.  
 
I. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
 
Мекеме қызметі Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге негізделген.
Мекеме қызметіне қатысты заңнамалар, құқықтық актілер бойынша сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын нормалар жалпы анықталмаған. 
 
II. Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
 
1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы. 
Мекеменің әкімшілік шаруашылық жұмыстары жөніндегі бөлімі кадр қызметі жұмыс атқарады. Мекеменің  штаттық кестесі 2018 жылғы 1 наурызымен бекітілген.
 Штаттық кестеге сәйкес Мекеменің азаматтық қызметкерлер бойынша штат саны - 24, нақты саны - 20, бос орындар саны – 3, бала күтіміне байланысты демалысында. 2018 жыл ішінде 3 - азаматтық қызметші өз еріктерімен жұмыстан босатылған. 
2018 жылы  1 маман қызметін жоғарлатумен ауыстырылған, жаңа қызметкерлер жұмысқа қабылданбаған. 
 
2. Мүдделер қақтығысын реттеу. 
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары.
 
Мекемеде мүдделер қақтығысы орын алмаған.
Басқарманың 2018 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 27.12.2017 жылғы №73-ө бұйрығымен бекітілген. Іс-шара жоспарының орындалуы басқарма басшының тікелей бақылауында.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында «Нұр Отан» партиясы  өкілдерінің қатысуымен жыл басынан 1 семинар, басқарманың және оған қарасты мекемелерінің қызметкерлері арасында 1 құқықтық оқу өткізілген
 
3. Мемлекеттік қызмет көрсету, 
рұқсат беру функцияларын іске асыру
Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Аумақтық қорғаныс бригадасы басқармасы» КММ мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсат беру функцияларын іске асыру, бақылау функцияларын жүзеге  асырмайды.
 
 
5. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын 
өзге де мәселелер
Мекемеде меритократия принциптері сақталуда. Қызметкерлерге мерекелік күндерде, мерейтойларда құрмет грамоталары, алғыс хаттар берілуді.

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлімдеріне 2018 жылдың ІІІ тоқсанындағы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
 
2015 жылдың 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 8-бабының 5-тармағында мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайтындығы көрсетілген.
Заңның осы талабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  №12 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары бекітілген.
Аталған қағидаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде қабылданады.
Басқарманың 2018 жылдың 6 айында атқарған қызметтерін төмендегідей ақпарат көздері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:
 
I. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
 
1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы. 
Басқарманың әкімшілік жұмыстар және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің функциясына кадр қызметі жүктелген. Басқарманың құрылымы 2016 жылғы 18 сәуірдегі 3-ө бұйрығымен бекітілген. Басқарманың  штаттық кестесіне сәйкес мемлекеттік қызметкерлер бойынша штат саны - 12, нақты саны - 12, бос орындар саны – жоқ. 2018 жылдың 6 айында екі қызметкер жұмыстан өз еріктерімен босатылған. Атап айтқанда, басқарма басшысы басқа қызметке ауысуына байланысты және басқарманың  әкімшілік жұмыстар және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы басқа қызметке ауысуына байланысты өз еріктерімен атқарып отырған қызметтерінен босаған. 
2018 жылы барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурспен басқарма басшысы қызметіне конкурстық комиссияның хаттамасы негізінде басқарма басшысы тағайындалған. Жалпы конкурс бойынша әкімшілік жұмыстар және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымына конкурстық комиссияның хаттамасы негізінде қабылданған және арнайы тексеру нәтижелері белгілі болғанға дейінгі мерзімге жұмысқа қабылданған. Уақытша ауыстырылған, лауазымы төмендетілгендер жоқ. 
 
2. Мүдделер қақтығысын реттеу. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары.
 
Ағымдағы жылдың алты ай қорытындысымен Басқармада мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Басқарманың 2018 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 27.12.2017 жылғы №73-ө бұйрығымен бекітілген. Іс-шара жоспарының орындалуы басқарма басшының тікелей бақылауында.  Алты ай мерзімінде,  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында, басқарма мамандарына қоғамдық ұйымдармен, «Нұр Отан» партиясы  өкілдерінің қатысуымен жыл басынан 1 семинар, басқарманың және оған қарасты мекемелерінің қызметкерлері арасында 1 құқықтық оқу өткізілген.
Басқарманың мамандарымен Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Сыр дидары» газетіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет» атты мақаласын жариялауға Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасына жолданған.
 
3. Мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсат беру функцияларын іске асыру, бақылау функцияларын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін жою.
 
Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсат беру функцияларын іске асыру, бақылау функцияларын іске асыру функциялары жоқ.
 
 
 
 
 
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы «17»
шілдедегі №1171 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары

р/с№

Іс-шараның атауы

Аяқтау

нысаны

Орындауға

жауаптылар

Орындау

мерзімдері

  1.  

Заңнамалық актілерді:

1) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін  енгізу;

2) жер участкелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін  оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

«ҚО ЖҚБ» ММ,

«ҚО ЖПҚББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

2019 жылғы

2-тоқсан

  1.  

Әкімшілік кедергілерді, оның ішінде:

1) жеке және заңды тұлғаларға орынсыз сұратылатын құжаттарды, ақпаратты және басқа деректерді ұсыну міндеттемесін жүктеуді;

2) мемлекеттік қызметтерді тез арада ұсыну мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну мерзімдерінің ұзақтығын;

3) жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттерді жүктеуді;

4) азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған, қиын орындалатын талаптарды белгілеуді алып тастауға бағытталған қоғамдық тыңдаулар өткізу

қоғамдық тыңдаулар

 

 

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2019 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Мыналарды:

1) лауазымды тұлғаға қандай да бір шешімді қабылдау шарттарын нақты анықтамастан шешімдердің екі немесе бірнеше нұсқасының (оң немесе теріс) арасынан таңдау құқығының берілуін;

2) лауазымды тұлғаға нормативтік құқықтық актінің орындалу тәсілін өз қалауы бойынша айқындау, сондай-ақ заңды деректі бағалау, ықпал ету шарасын таңдау және актілерді шығару мүмкіндігінің берілуін көздейтін дискрециялық өкілеттіктерге талдау жүргізу және оларды болдырмау бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

 

 

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,



20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

практикалық оқу құралдары

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  консультативтiк-кеңесшi органдарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының хаттамалары

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

жарты жылда



1 рет

  1.  

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу

әдістемелік ұсынымдар

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

2019 – 2020 жылдардағы

1-тоқсан

  1.  

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

есеп беру кездесулері

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

жұмыс жоспары

«ҚО ЖСМБ» ММ (жинақтау),

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы

3-тоқсан

  1.  

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар,

БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау, теле-, радиосюжеттерді эфирге шығару

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

 аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша),

«Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша)

 

2018 – 2020 жылдардағы

2-тоқсан

  1.  

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

өңірлік слеттер

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

2018 – 2020 жылдардағы

3-тоқсан

  1.  

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурс өткізу

конкурс

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын,



20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету 

аудиоджинглдерді және

бейнероликтерді әзірлеу және трансляциялау

 

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

әлеуметтанушылық зерттеулер

 

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

жыл сайын

  1.  

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған жоспарларын әзірлеу және бекіту

өңірлік жоспарлар

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылдың

15 тамызынан кешіктірмей

  1.  

Арнайы мониторингтік тобының Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

сыртқы талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,



15 ақпаннан кешіктірмей

  1.  

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізу және қорытындысын ұсыну

ішкі талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жарты жылда

бір рет,

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10-на дейін ұсыну 

  1.  

«Адал жол-честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу

марафон

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

наурыз-сәуір айлары 

  1.  

Облыстағы мемлекеттік арнаулы орта оқу орындарында цифрлық жүйесі негізінде оқу процесінің



сынақ-емтихан тапсыруды автоматтандыру

автоматтандыру бойынша цифрлық жүйе енгізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЭБЖБМ» ММ

2018-2020 жылдар

  1.  

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал бол» акцияларын өткізу

акция өткізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЖСМБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері,

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

1 тоқсан

  1.  

Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орай форум өткізу 

форум өткізу

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

қараша айы

  1.  

«Protecting business and investments» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында шетелдік және отандық инвесторлардың жобаларына қолдау шараларын жүргізу

қолдау шараларын жүргізу

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау),

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

тұрақты түрде

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда оқу орындарында, кітапханаларда, мұражайларда кітаптар мен суреттер көрмелерін, балалардың театрландырылған қойылымдарын өткізу және бұрыштамалар орналастыру

көрмелер мен бұрыштамалар ұйымдастыру

«ҚО МАҚБ» ММ (жинақтау), «ҚО ББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

тұрақты түрде тоқсан сайын

 

  1.  

Азаматтық бастамалардың облыстық Конгрессін өткізу

конгресс өткізу

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

 жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша облыстық кәсіпкерлер форумын өткізу 

форум өткізу

«ҚО КТБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), «ҚО КП» (келісім бойынша)

жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды БАҚ беттерінде жариялап отыру  

жарияланымдар

«ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

тұрақты түрде

  1.  

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

жарияланымдар

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,

15 сәуірден кешіктірмей

  1.  

Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдаумен мониторинг жүргізу

отырыс

хаттамасы

«ҚО ЕСББ» ММ (жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

«ҚО КТБ» ММ,

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП» (келісім бойынша)

жартыжылдық қорытындысы бойынша



20 қаңтар мен



20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО ЭБЖБМ» ММ (жинақтау),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы



4-тоқсан

  1.  

Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау), «ҚО ҚСҚҚБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП»

(келісім бойынша)

2018 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на ұсыныстар енгізу

«ҚО МСАБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ, «ҚО КП» (келісім бойынша)

2018 жылғы



4-тоқсан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

«Самұрық-Қазына»ҰАҚ» АҚ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;

«Нұр Отан» партиясы

«Нұр Отан» Партиясы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы;

«ҚО КП»

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы;

«Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ

«Байқоңыр»  Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» ақционерлік қоғамы;

«ҚО ӘА» ММ

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ІСБ» ММ

«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ББ» ММ

«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО КТБ» ММ

«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЭБЖБ» ММ

«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МСАБ» ММ

«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ИИДБ» ММ

«Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ҚСҚҚБ» ММ

«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖҚБ» ММ

«Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖПҚББ» ММ

«Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЕСББ» ММ

«Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МАҚБ» ММ

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖСМБ» ММ

«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар;

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары.


Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасында 2018 жылдың І жарты жылдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ 

 

Сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының талаптары түсіндіріліп, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органынан сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы тәртіптік жазасы барлығы не жоқтығы жайлы мәліметтер міндетті түрде алынып отырылады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарының талаптары мен нормаларының сақталуы басқарма тарапынан қатаң қадағалануда.

 

2018 жылдың І жарты жылдық бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзған фактілер орын алған жоқ.

 

 


 

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының 2018 жылдың І тоқсан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ 

 

 Сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының талаптары түсіндіріліп, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органынан сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы тәртіптік жазасы барлығы не жоқтығы жайлы мәліметтер міндетті түрде алынып отырылады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарының талаптары мен нормаларының сақталуы басқарма тарапынан қатаң қадағалануда.

2018 жылдың І тоқсан бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзған фактілер орын алған жоқ.

 

 


 

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының 2017 жылдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

 

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында 2017 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен бірлесіп 7 семинар өткізілді.

Бұл семинарларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің алдын-алу және келіспеушіліктеріне қатысты сұрақтар көтерілді, жоғарыда көрсетілген тақырыптардың бейнежазбалары көрсетілді.

Ұжым қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу жұмыстары Басқарма басшысының тікелей бақылауына алынған.

 Аталған аралықта басқарма қызметкерлері тарапынан қандай да бір құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

 


 

 

 

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының 2017 жылдың 3 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

 

Басқармамен 2017 жылдың 3 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бағытында жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырылды.

Басқармада профилактикалық мақсатта үнемі өткізіліп тұратын құқықтық оқуларда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары үнемі талқыланып отырылуда.

Ұжым қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу жұмыстары Басқарма басшысының тікелей бақылауына алынған.

Аталған аралықта басқарма қызметкерлері тарапынан қандай да бір құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

 

 

 


 

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасында І жарты жылдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары туралы

 

АҚПАРАТ 

Сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының талаптары түсіндіріліп, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органынан сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы тәртіптік жазасы барлығы не жоқтығы жайлы мәліметтер міндетті түрде алынып отырылады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарының талаптары мен нормаларының сақталуы басқарма тарапынан қатаң қадағалануда.

2017 жылдың І жарты жылдық бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзған фактілер орын алған жоқ.

 

 


 

 

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

 

            2017 жылдың 15 ақпанында Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасымен ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында қызметкерлерге тақырыптық слайдтар мен видеороликтер көрсетілді.

              2017 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзу деректері орын алған жоқ.

 


 

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпараты

     Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасында сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері,«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000410) мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1500000153) талаптары түсіндірілді.

     Басқарманың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын және мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі» бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

     2016 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзған фактілер орын алған жоқ.

     Сонымен қатар, басқарма басшылығымен жеке қабылдау кестесі бекітілген.

 

Құрылған күні: 07-07-2016 10:48
Жаңартылған күні: 08-10-2019 18:04

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика