• Дата публикации: 28/10/2019 - 17:42
    ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
    Мазмұны:
    Ағымдағы жылғы 28 қазанда облыс әкімі Қ.Д.Ысқақовтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.
     
    Отырыстың күн тәртібінде 2019-2020 жылдардағы су тасқынының алдын алу шаралары, жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі және 2019-2020 жылдардағы қыс мезгіліндегі жол қауіпсіздігіне дайындық шаралары қаралды.
     
    Аталған мәселелер бойынша қала, аудан әкімдеріне және тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
  • Дата публикации: 25/10/2019 - 15:21
    ХАБАРЛАНДЫРУ
    Мазмұны:
    ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №726 Қаулысына сәйкес "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2019 жылғы 1 қарашадан бастап қолданыстан алынады.
    Сәйкесінше, барлық мемлекеттік органдар, балабақшалар, мектептер, ауруханалар, коммуналдық қызмет көрсетушілер, елшіліктер мен консулдықтар, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдар, квазимемлекеттік және жеке сектордағы мекемелер, екінші деңгейлі банктер, микрокредиттік ұйымдар және басқа да мекемелер - ешбір жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын талап етпеуге тиіс.
    Талап етілген жағдайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 8 (7242) 70-56-36 телефоны бойынша хабарласуға болады.
     
  • Дата публикации: 24/10/2019 - 10:00
    « ТОРАП-2019» АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
    Мазмұны:

    23 қазан куні Қызылорда қаласының аумақтық қорғаныс ротасының қатысуымен «Торап-2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

    Тактикалық оку-жаттығудың негізгі мақсаты Қызылорда қаласының аумақтық қорғаныс құрылымының дайындығын қамтамасыз ету, соғыс жағдайында терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде арнайы және құқық қорғау органдары мен аумақтық қорғаныс әскерлерінің өзара іс-қимыл деңгейін жоғарылату болып табылады.
    Арнайы шараға облысымыздың жұмылдыру дайындығы басқармасынан, аумақтық қорғаныс құрылымдарынан, құқық қорғау органдарынан және басқада мекемелерден жалпы саны 300-ден аса адам мен 32 дана техника (31-автокөлік, 1-тікұшақ) жұмылдырылды.
  • Дата публикации: 01/10/2019 - 19:13
    asdadsasd
    Мазмұны:

    2019 жылғы 1 қазанда облыс әкімі Қ.Д. Ысқақовтың төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

    Отырыста аумақта «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі  2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» орындалуы мен аудандарда діни экстремизм және терроризм профилактикасы бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы бірқатар мәселелер қаралды.

     

  • Дата публикации: 01/10/2019 - 19:13
    Мазмұны:

    2019 жылғы 1 қазанда облыс әкімі Қ.Д. Ысқақовтың төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

    Отырыста аумақта «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі  2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» орындалуы мен аудандарда діни экстремизм және терроризм профилактикасы бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы бірқатар мәселелер қаралды.

     

  • Дата публикации: 10/09/2019 - 09:30
    2019 ЖЫЛДЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТТІ
    Мазмұны:
    Ағымдағы жылдың 4 қырқүйек күні облыс әкімінің орынбасары М.Н. Делмұхановтың төрағалығымен Қызылорда қалалық, аудандық әскери қызметке шақыру және медицина комиссияслары төрағаларының қатысуымен 2019 жылғы көктемгі мерзіміді әскерге шақыру жұмыстары қорытындысы және күзгі мерзіміді әскерге шақыру жұмыстарының жоспары бойынша жиналыс өтті.
    Отырыс қортындысы бойынша алдағы күзгі мерзіміде әскерге шақыру жұмыстары бойынша комисия төрағалары мен олардың мүшелеріне нақты тапсырмалар берілді.
  • Дата публикации: 04/05/2019 - 19:50
    ОБЛЫСТЫҚ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ
    Мазмұны:
    2019 жылғы 14 маусымда облыс әкімі Қ. Е. Көшербаевтің төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізілді.
    Күн тәртібінде комиссияның ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз ету (баяндамашы: облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы А. Шаменов), сонымен қатар, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі профилактика нәтижелері туралы (баяндамашы: облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы  М. Нәкенов) сұрақтар қаралды.
    Сонымен қатар, облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырыстарында қабылданған шешімдердің іске асырылуы талқыланып, аталған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.
     

     

  • Дата публикации: 04/05/2019 - 19:50
    ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА " ҚАЛҚАН-2019 "АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
    Мазмұны:
     
    2019 жылдың 25 сәуір – 5 мамыр аралығында Қызылорда облысының аумақтық қорғаныс бригадасы Шиелі  ауданының аумақтық қорғаныс батальонының жеке құрамымен арнайы тактикалық оқу-жатығу өткізілді.
    Арнайы шараға Шиелі ауданының аумақтық қорғаныс батальонының жеке құрамы мен Қызылорда облысының аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасы және облысымыздың әскери бөлімдері мен күштік құрылымдарынан жалпы саны 230 адам мен 18 дана техника жұмылдырылды.
    Оқу-жаттығуда  Шиелі ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің Шиелі ауданының аумақтық қорғаныс батальонына тағайындалған әскери міндеттілер құлақтандыру, жинау және уақытша жатын орнына жеткізілді, сонан соң, аумақтық қорғаныс ротасының жеке құрамымен жауынгерлік үйлесімділік өткізілді, сонымен қатар шартты түрде аса маңызды нысанды күзету мен қорғауды ұйымдастыру іс-шаралары атқарылды.
     
  • Дата публикации: 17/04/2019 - 18:59
    АЗАМАТТАРДЫ 2019 ЖЫЛҒЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ТУРАЛЫ
    Мазмұны:
    Облыста азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары облыс әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 1343 қаулысына сәйкес ұйымдастырылуда.
    Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына көктемгі әскерге шақыру маусымында 800 - ден астам азамат әскери қатарына жөнелтілуі тиіс болса, қазіргі таңда ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Қызылорда облысынан 210 азамат жөнелтілді.
  • Дата публикации: 05/04/2019 - 16:00
    ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
    Мазмұны:
    Облыс әкімдігінің ахуалдық орталығында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шараларын ұйымдастыру туралы облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика